Текст
26.02.2020
Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылған аудандық іс-шараға мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары белсене қатысты. "Желсіз түнде жарық ай" әнін орындауда 175 оқушылардан құралған хор. Мектебіміздің мұғалімдері Оспанова Э.Ж және Нұрпейісова Г.Қ хор мен көріністі ұйымдастыруда белсене ат салысты. Көрініске Алдашев А.Қ., Шайкемелов М, Сағымбай О, Бақытов Н. қатысты.
25.02.2020
Ауданымыздың бас имамы Оспан Алмас Абдуұлының қатысумен 9-11 сынып оқушыларымен "Діни лаңкестікті алдын алу және діни ағымдардан сақ болайық " атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
20.02.2020
"Жаңартылған білім беруде мектепалды даярлық сынып оқушыларын тәрбиелеу мен оқытудың тиімді жолдары" тақырыбында аудандық семинар өтті. Осы семинарда Фазылова Тазагүл Каскырбаевна " Қонақ күту салтымыз.П дыбысы" тақырыбында сауат ашу пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ өз дəрежесінде өтті. Сулейманова Гүлжанат Нагашыбаевна " Абай ды оқы, ерінбе!" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Даярлық сынып оқушылары Абай ата өлеңдерін жатқа оқып, ауданымыздың мектепалды даярлық сынып оқушыларына эстафета жолдады. Семинар Гүлжанат Нагашыбаевнаның " Балалардың тілін дамытуда мнемотехника əдісін қолдану" тақырыбында шеберлік сағатымен қорытындылады.
20.02.2020
Мектебімізге келген ресурстық орталық оқушыларымен және 8-9 сынып оқушылары арасында "Кім тапқыр?" зияткерлік сайысын Абдрахманова Г.А, Халилла Ұ.У, Сағымбай О.А өткікізді. Сайыста жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша логикалық сұрақтар, әр түрлі тәжірибелер мен жұмбақтар қарастырылды. Сайыс өте қызықты әрі пайдалы болды.
14.02.2020
12-ақпан күні 2-3 сыныптар арасында "Тәртіп-тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өмірімнің қас жауы" атты пікірталасты Света Мубараковна өткізді. Тәртіп дегенді қалай түсінетіндерін талқылап, "Менің атым - Қожа" фильмінен үзінді көрсету арқылы ой қорытып, әр топ өздері жасаған жақсылықтары туралы есеп берді. Бастауыш сынып балғындары өздерінің толық ойларын ортаға салу арқылы пікіраласқа өз деңгейінде қатыса білді. Бұл іс-шараға ата-аналар шақырылып, біркісідей атсалысты.
14.02.2020
12 - ақпанда 9 сыныптар арасында "Мамандық таңдау - өмірге жолдау" атты ата-аналар, мұғалімдер, арнайы шақырылған қонақтармен бірге дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыластарын арттыру.Кәсіптік бағдар беру. Өзін-өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру. Шақырылған қонақтар: өрт қызметкері Тілек Қайратұлы, дәрігер Перизат Қайырбекқызы. Өткізген сынып жетекшілері: Әмірбек А.Ә мен Алдашев А.Қ.
12.02.2020
6 ақпан күні өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі аясында пән олимпиадасының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды. Олимпиада 3 кезең бойынша өтті. Жеңімпаздар аудандық кезеңге жолдама алды.
12.02.2020
10 ақпан күні өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 2-4 сыныптар мен 5-7 сыныптар аралығында "Ән-көңілдің ажары" атты ән сайысы өтті.
06.02.2020
Өзін-өзі тану пәнінен онкүндік аясында "Алтын жүрек анамыз" атты 5-7, 8-10 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті.
31.01.2020
3 сыныптар арасында Айткулова Жанар Шоптибаевна "Білім биржасы" атты зияткерлік сайыс өткізді