Текст
Сәуір айының 12-24 аралығында мектепалды даярлық тобы мен 4-сынып оқушыларының білім, білік және дағдыларын оқытудың келесі сатысында кеңінен қолдануды және әрі қарай жетілдіру, дамыта түсу мақсатында жұмыстар жүргізілді. Сабақтастықтың маңыздылығы бастауыш сыныпта алған білімдерін, орта буынға келген оқушының оқыту талаптарын әрі қарай жетілдіреді. Бастауыш сыныпта бір мұғалімге үйреніп, тәрбиеленіп шыққан бастауыш сынып оқушылары бесінші сыныпқа келгенде жаңа талапқа бірден үйренісе алмай, оқу үлгірімі де төмендейтіні белгілі.Осы жағдайдың алдын алу үшін мектеп тәжірибесінде сабақтастықты жүзеге асыру игі нәтижесін беріп келеді.