«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Акпана Укубаева города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»     

СоцСети

https://www.facebook.com/a.ukubaev  

https://www.instagram.com/akpanykubaev2/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

  • Құрметті достар, қымбатты талапкерлер! Біз лайықты білім алуға және табысты мансапқа жетуге тілек білдірушілерді қарсы алуға қуаныштымыз!

    Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (ҚазЭҚХСУ) 1999 жылы құрылған.

    Бүгін ҚазЭҚХСУ-і үлкен мүмкіндіктерге ие, алдына айқын мақсат қойған белсенді жастарға есігі айқара ашық.

     

    ҚазЭҚХСУ артықшылықтары

     

    1.     ҚазЭҚХСУ- Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан экономикалық бейінде оқытатын жетекші жоғарғы оқу орны.         

    2.     Университет ұлттық және халықаралық аккредитациядан өткен, Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының ұлттық рейтингісі қорытындысының нәтижесінде бірқатар мамандықтар бойынша ТОП-5, ТОП-3 қатарына кіреді.

    3.     Бакалавриат, магистратура, докторантура PhD, MBA, DBA бойынша  білім беру бағдарламасы.

    4.     ҚазЭҚХСУ ҰБТ, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімге түсу емтихандарын қабылдайтын негізгі жоғары оқу орны.

    5.     Білікті профессорлық-оқытушылар құрамы.   Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сапалы білім.

    6.     Мемлекеттік білім беру гранттары, жергілікті атқарушы органдардың гранттары және ақылы негізде күндізгі, сырттай, қашықтықтан оқыту түрлері.

    7.     Оқу ақысын төлеудің икемді және жеңілдету жүйесі. Оқытудың барлық кезеңінде тиянақты  төлемақы.

    8.     Оқу барысында білім алушылар  ҚР Ұлттық экономика министрлігінде, ҚР Қаржы министрлігінде, IT орталықтарда, астаналық банктерде, ірі акционерлік қоғамдарда, ұлттық және халықаралық компанияларда тәжірибеден өтеді.

    9.     Білім алушылардың екі дипломдық бағдарламаға және халықаралық бағдарлама бойынша студенттер алмасуға қатысуға, әлемдік жетекші жоғарғы оқу орындарынан шетелдік тағылымдамадан өтуге мүмкіндігі бар. 

    10.    Түлектерді жұмысқа орналастырудың ең жоғарғы көрсеткіші: оқу барысында алған құзіреттіліктер тез арада жақсы жұмыс табуға және табысты мансап құруға мүмкіндік береді.

     

    11.    ҚазЭҚХСУ 2012 жылы Еуропалық университетпен (Швейцария) Меморандумға қол қойды және Еуропалық университеттің дипломын бере отырып, MBA және DBA-ға бірлесіп дайындауға айрықша құқығы бар.

     

  • Талапкерлердің назарына!

    Елде ТЖ режимі енгізілуіне байланысты қоғамдық орындарға баруды болдырмау мақсатында, ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер қабылдаудың форматы өзгерді.

     

    1. Ағымдағы жылғы мектеп бітірушілерден ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 2020ж. 15 сәуірінен 10 мамырына дейін on-line тіркеу http://ent2020.testcenter.kz  сілтемесі арқылы жүзеге асырылады.

     

    2. Өткен жылдардағы мектеп түлектері, колледж түлектері және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, білім беру ұйымын шетелде аяқтаған тұлғалар ҰБТ-ға қатысу үшін алдын-ала онлайн өтініш беріп, өз құжаттарын жоғары оқу орнына карантин мерзімі аяқталған соң апарып тапсырады.

    ҰБТ-ға (маусым) қатысу үшін өтініштер 2020 жылғы 20 сәуірден 10 мамырды қоса алғанда қабылданады.
    Оn-line тіркеу  https://ent2020-tipo.testcenter.kz/zayav/add   сілтемесі арқылы жүзеге асырылады.

    Оn-line тіркеуден өткеннен кейін,  ҰБТ-ға қатысу үшін түсуші ҚазЭҚХСУ -не келесі құжаттарды тапсырады:
    1) өтініш (ЖОО-да беріледі);
    2) 3 x 4 көлемдегі екі фотосурет;
    3) орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (түпнұсқа);
    4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    5) электронды нысандағы 086-У нысандағы медициналық анықтама.

Жаңартылған күні: 23.11.2020 00:48
Құрылған күні: 23.11.2020 00:48

Текст