«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Акпана Укубаева города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»     

СоцСети

https://www.facebook.com/a.ukubaev  

https://www.instagram.com/akpanykubaev2/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қызға қырық үйден тиым"

Мектебіміздің медбикесі Кенжабаева Айнаш Дахаровна 7_11 сынып қыздарымен  "Қызға қырық үйден тиым" тақырыбында дәріс өткізді.
Бір отбасының ғана емес, бір рулы елдің, қала берді, бүтін бір ұлттың ұлт болып қалыптасуына әсер ететін тұлғаның ана екені даусыз. Ол – қай қоғамның болсын, басты күретамыры. Ананың аялы алақанының жылуы арқылы біз мейірім мен шапағатқа бөленеміз. Ол – аналық махаббаты мен ана сүті арқылы ұлттың асыл қасиетін де, ата-баба өсиетін де, асыл діні мен ана тілін де, салты мен ділін де ұрпақ бойына дарытатын жан. Ал бүгінгі ана – кешегі бойжеткен қыз – ертеңгі асыл әже. Демек, бүгінгі қыздардың қолында бүкіл бір ұлттың тағдыры мен болашағы тұр. Біз ибалы да инабатты, тәлім-тәрбиелі қыз өсіру арқылы қазақтың ұрпағын тәрбиелеп отырмыз. Бірақ, сол болашақ ана атанар қыздарымыз жұрт алдында ізеттілігімен көзге ілігіп жүр ме, әлде... Әлде, олар өздерінің қадір-қасиетін түсінбей, көрінгеннің қолжаулығы болып жүр ме? Сайын даланы сары алтындай сақтап, ұрпағына аманат еткен ата-баба арманы орындалды ма? Бүгінгі әңгіме түйіні осы турасында болмақ.
Кеше... Атам қазақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше ден қойған. Шарананы құрсақтан тәрбиелеп, ата салтын бойына дарытқан. Әсіресе, қыз баланың тәрбиесіне баса көңіл бөлген. Себебі – бүгінгі бүлдіршін қызды «ертең ибалы келін, одан соң абзал ана атанады» деп тәрбиелеген. Демек, ертең елдің батыры мен ақынын, көреген көсемін, сөзуар шешенін, топ жарар дүлдүлін де, өмірге әкелетін – ана. Сол себепті қыз баланы қонақ деп санап, бетінен қақпай, «қызға қырық үйден тыю» дей отырып, еркелетіп, ибалы, инабатты, тәрбиелі, ар-намысын алдыңғы орынға қоятын ару етіп өсірген. Құлағында шолпысы, шашында шашбауы бар жан сұлулығы мен тән сұлулығы тең қазақ қызының басты тәрбиешісі ана болған. «Есті қыз етегін жабады» деп, ұзын көйлек кигізіп, қыздың талшыбықтай бұралған сырт-келбетін сұқ көздерден сақтаған. Аналар қыздың киім киісіне, жүріс-тұрысына, қай ортада болсын, өзін-өзі қалай ұстау керектігіне, үлкеннің алдын кесіп өтпеуді, кішіге ізет көрсетуді құлағына құйып отырған. Қызының алдында әкесін асқар таудай ете білді. Отағасының айтқанын екі етпей, оның қадір-қасиетін балаларының алдында арттыра түсті. Мұны көрген қыз да ертеңгі күні ер адамның алдында қия баспасы, ерін, яғни балаларының әкесін қастерлейтіні анық. Қазақ аналары сонымен қатар, «Қызым үйде, қылығы түзде», «Шешесі қыдырмашыл болса, қызы бастаңғышыл болады» деп өзіне де барынша шектеу қойып, қызының әрбір ісін бағамдап отырған, «шеше тұрып қыз сөйлеуден» безген. Бойжеткен қыздың еркімен қыдыруын шектеп, құрбы-құрдасымен көңіл көтеру үшін алтыбақан, ақсүйек, бастаңғы, тоқым қағу сынды жастар бас қосатын ортаға ғана жіберетін болған. Бірақ, қыз баланың әр басқан қадамы анаға аян болып отыратын. Ертеңгі күні келін болып түскен ауылда өз отбасының, бір рулы елдің бетіне таңба болмасы үшін ар-намысын аяққа таптатпауды жалықпай санасына сіңіріп, қадап айтып отырған. Атақты «Қорғансыздың күні» шығармасындағы жауыздыққа тап болған қаршадай қыздың күнәдан пәк жерді басқысы келмей, өзін-өзі өлімге қиып, үсікке шалдығуы ертедегі ата-ананың баласын адалдыққа, кіршіксіз пәктікке тәрбиелегендігінің, әдеп пен әдемілікке үндегендігінің бас­ты мысалы бола алады. Ал баршамыз сүйсіне де тамсана қарайтын «Қыз Жібек» фильміндегі мына бір эпизод есіңізде болар. Әлі некесі қиылмаған Жібек пен Төлегенді отауға кіргізген жеңгелері екі жастың ортасына белдік қояды. Бұл халқымыздың ақ некені аттамауды талап ететін әдемі бір салты. Бір-бірін құлай сүйсе де екі жас ата салтын бұзбаған. Осы мысалдардан-ақ бұрындары қыз баланың әр кезде әдептіліктің ауылынан алыстамай, «ар», «намыс», «адалдық» дейтін ұлы ұғым­дарды шынайы жүрегімен түсініп, ұя­тына қылау түсірмегенін аңғаруға болады. Өйткені, ата-ана қыздың намысы – бүкіл бір ұлттың намысы екенін түсіндіре білген
.
Жаңартылған күні: 14.10.2021 20:38
Құрылған күні: 14.10.2021 20:38

Текст