Құрметті ата - аналар!
«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа оқушыларды қабылдау жүргізетінін хабарлайды.
1 – сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балалар қабылданады.
Құжаттар тізімі:
1) ата-ананың өтініші
2) бала денсаулығы паспорты 026/у
3) профилактикалық екпе картасы 063-формасының көшірмесі
4) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
5) баланың 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi (2 дана)
Құжаттар 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында Egov.kz порталында онлайн қабылданады.
Интернет арқылы өтініш бере алмайтын ата-аналар үшін мектепте компьютер және сканермен жабдықталған қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған.
Мекен- жаймыз:
Державин қаласы
Школьный тұйығы 1
Байланыс телефоны 9-19-41