«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Акпана Укубаева города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»     

СоцСети

https://www.facebook.com/a.ukubaev  

https://www.instagram.com/akpanykubaev2/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналарға жаднама!

ҚҰРМЕТТІ А.ҮКІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ АТА-АНАЛАРЫ !!!     

 

Жаз - балалар үшін сауық-сайран мен жайбарақаттық кезен Ата-аналар өте мұқият болуы керек, себебі демалыс орындарында түрлі қауіптер болуы мүмкін. Сондықтан әр ата-ана жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен таныс болған жөн. Оны балаларыңызға айтып қойған артық етпейді.

Балалардын кауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасында, оларга қарсы кұқық бұзушылықтың алдын алу және жазгы демалыс кезінде қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында

МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ ЕСКЕРТЕДІ:

Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

1. Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Балаларыңыздың жол ережесі қауіпсіздігін сақтауын үнемі талап етіңіздер.

2. Сонымен қатар жазғы демалыс кезінде балаларыныздың өмір қауіпсіздігін тілсіз жау- өрттен суға түсіу т.б. жағдаяттардан мұкият болу керек. Жазғы демалыс кезінді балаларыңыз әрине көлге барып суға жүзгілері келеді, бірақ ондай жағдайда ӨЗДЕРІҢІЗ жанында болу міндетті.

3. Ата-ана баласына көшеге, дүкендерге барған кезде үнемі

Мынаны ескеріп отыруы қажет:

1. Таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспе;

2. Мас және қауіпті адамнан алыс жүр;

3.Танымайтын адаммен еріп кетуге,бөгде автокөлікке отыруға болмайды;

4.Кешкі  сағат 22.00-ден кейін көшеде заңды өкілі (әкесі,анасы) болмаса жүруге тыйым салынады.

 

 

ҚҰРМЕТТІ  АТА - АНАЛАР!!!

Ата-аналар баланың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші              орынға кою керек!!!

Балаларыңыз үнемі қатаң қадағалауыңызда болсын!

Балаларымыз жазғы демалыстарын жақсы өткізіп,күш жинап , жайдары көңіл күймен жаңа оқу жолына оралуына тілектеспіз!                                       

 

ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ:

1.Бос жаткан ғимараттарының жанынан өтпеу;

2. Электрикалык щиттардын жанына жоламау.

3. Қауіп төніп отырған спортттық алаңдар мен футбол,волейбол, баскетбол ойнайтын жерлерде ойнамау;

4. Бекітілмеген футбол қақпалары, турниктер, ашык люктер, ашык электрсымдар,ой-шұңқырлар т/б жерлерге бармау;

5. Далада, үйде, қоғамдық жерлерде тәртіп бұзбау;

8. Жағажайға жалғыз бармау.

Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:

- суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. 

- тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз. 

- суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.

- өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.

- суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.

- суға шомылуға ата-ананың рұқсатынсыз және қастарыңда үлкен ересек адам болмай баруға болмайды

-жалпы қазіргі кезде су лас, сондықтан түрлі ауру жұқтырып алу да мүмкіе, сол себепті суға өзен суына шомылмаған дұрыс.

Ойын барысындағы қауіпсіздік

Жол бойында ойнауға,  велосипед тебуге, доп ойнауға болмайды. Өйткені ойламаған жерден жол көлік оқиғасына себепші болуларыңыз мүмкін. Сондықтан жолдан алыс, аулада, есік алдында ойнаған жөн.

Табиғат аясындағы қауіпсіздік:

Жаз мезгілінде ата-ананың рұқсатынсыз табиғат аясына шығуға болмайды, сонымен бірге қалың шөп арасында, қалың ағаш арасында, қуыс жерлерге жасырынып ойнауға болмайды. Өйткені ондай жерлерде улы жәндіктер шағып алуы мүмкін. Улы жәндіктер көбіне адам көзінен таса, салқын жерлерде көп болады, оларда ыстықтан тығылып жатуы мүмкін.

Жаңартылған күні: 05.04.2019 11:30
Құрылған күні: 01.06.2023 15:06

Текст