Текст
Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына бекітілген талаптарға, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес, Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2022-2023 оқу жылында міндетті мектеп формасы енгізіледі.
Мектеп формасының бірыңғай түсі: қою көк. Фасон: классикалық.Ұлдарға арналған мектеп формасының жиынтығы: (пиджак, жилет, шалбар (еркін пішілген), салтанатты ақ жейде, күнделікті ашық көк жейде).Қыздарға арналған мектеп формасының жиынтығы: (пиджак, жилет, юбка, ақ блузка).