Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеліп, Самарканның көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, түн болса, керісінше қысқара бастайды. Наурыз мерекесі қарсаңында мектептің бірінші қабаты безендіріліп, «Наурыз айы туғанда»әні шырқалып, « Наурыз-думан»атты мерекелік шағын дастарқан жайылып, әріптестермен ,оқушыларға наурызкөжеден дәм таттырылды.Наурыз мерекесінде мектебіміздің әріптестері және мектеп оқушылары қазақтың ұлттық киімдерін киіп жүрді.Осы күні әріптестер мен төс қағыстырып,жылы тілектер айтылды. Біздің мектепте наурыз мерекесі осылай шағын көлемде өтілді.