
Құрметті сайт қонақтары!
Сіздерді «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымын.
Біздің сайт – мектеп өмірінің айнасы. Мұнда білім беру үдерісі, оқу-тәрбие жұмыстары, педагогтердің кәсіби жетістіктері, оқушыларымыздың шығармашылық және зияткерлік табыстары, өткізілетін іс-шаралар мен маңызды жаңалықтар туралы өзекті ақпараттармен таныса аласыздар.
Сонымен қатар, сайтта ата-аналарға, оқушыларға және педагогтерге арналған қажетті ақпараттар, нормативтік құжаттар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер және мектеп қызметінің негізгі бағыттары орналастырылған.
Біз ашықтық пен қолжетімділік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, білім беру сапасын арттыруға және әрбір оқушының жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға ұмтыламыз.
Сайт материалдары сіздер үшін пайдалы әрі қызықты болады деп сенемін. Мектебіміздің тыныс-тіршілігіне қызығушылық танытып, бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғыс білдіремін!
Мектеп директоры: З.Мықтыбекова