28.04.2026
Жарқайың ауданында Ақпан Үкібаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары А. Әбенова аудан әкімі Е. Жүсіпбековтың атынан мектеп ұжымын, оқушыларды және қонақтарды мерейтоймен құттықтап, білім ордасының аудан дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ мектеп директоры А. Алдашевқа заманауи химия кабинетін алуға сертификат табыстады. Білім бөлімінің басшысы Г. Нұрпейісова да құттықтау сөз сөйлеп, заманауи талаптарға сай LED-экранға сертификат табыстады. Сонымен қатар, мектеп аты берілген Жарқайың ауданының негізін қалаушы Ақпан Үкібаевтың ұрпақтарына естелік сыйлықтар табысталды. Іс-шара барысында педагогикалық еңбек ардагерлері мен ұстаздар естелік сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты кеш мерекелік концертке ұласты.
https://www.instagram.com/reel/DXjYsIhDNJa/?utm_source=ig_web_copy_link
