Текст
06.05.2026
Бүгін Жарқайың ауданында Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай тағылымды кездесу өтті.
Бұл ерекше басқосуға тыл ардагерлері, Ұлы Отан соғысы батырларының ұрпақтары және аудан жастары қатысып, өткеннің өнегесін бүгінмен байланыстырып, жүрекке жылу сыйлаған сәттерге куә болды.
Кездесу барысында ерлік пен елдік рухы дәріптеліп, аға буынның өмір жолы мен тағдыры кейінгі ұрпаққа үлкен үлгі екені айқын сезілді. Осындай тағылымды кездесулер жастардың бойында отансүйгіштік пен құрмет сезімін қалыптастырып, тарихқа деген тағзымды тереңдете түседі.
