02.07.2026
" Мен өмірді сүйемін! " үшінші кезең алаңшасының 2- күні. Балалар таңғы жаттығу жасап, бой сергітіп алды. " Шебер қолдар-табиғатты сақтайды" атты тақырыппен жұмыс жасады. Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және табиғатты қорғауға деген сүіспеншіліктерін арттыру. Балалар қағаз, картон және ермексаздан өз қабілеттерін көрсете білді. Әрбір жасалған жұмыс шығармашылықтың жарқын көрінісі болды. Балалар, " Оқуға құштарлық" бағыты аясында мектеп кітапханасына барып, кітап оқу сағатына қатысты. Кітапханашы оқудың пайдасы мен кітапты ұқыпты пайдалану ережелерін айтып, қызықты ертегілер оқып берді. Кітапханашы-Амирова Н. Б., ұйымдастыруымен өткен кітап оқу сағаты түрлі жұмбақтар шешумен жалғасты.
Күн соңында балалар таза ауада қимылдық ойындарын ойнап, көтеріңкі көңіл күймен флешмоб биіне қатысты. Сергектік пен шаттық сыйлаған әсерлі музыка ырғағымен орындалған би қимылдары балалардың белсенділігін арттырып, ұйымшылдыққа ықпал етті. 
