25.05.2026
🔹 Жарқайыңдық оқушы республикалық олимпиадада жүлделі орын иеленді Астана қаласында 2026 жылғы 19-22 мамыр аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Ақмола облысының намысын қорғаған 9 оқушының қатарында Жарқайың ауданының оқушысы да жоғары нәтиже көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Ақпан Үкібаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 7-сынып оқушысы Сүлейменова Сабина Алтынбекқызы республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Дарынды оқушының жетекшісі - педагог-сарапшы Сеилова Қызғалдақ Әбілқайырқызы. Жеңімпаз оқушымыз бен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, жетістіктеріңіз мол болсын!