04.11.2025
«Заң және менің құқығым» А. Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектепте облыстық бірыңғай интерактивті сабақ аясында 9 «Ә» сынып оқушыларымен «Заң және менің құқығым» тақырыбында мазмұнды сынып сағаты өтті. ⚖️ Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет сезімін қалыптастыру және өз құқықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу болды.Сабақ барысында оқушыларға Бала құқықтары жөніндегі Конвенцияның негізгі баптары таныстырылып, әр баланың құқығы заңмен қорғалатыны туралы түсінік берілді. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтың түрлері мен оның салдары туралы кеңінен айтылып, заңды сақтау – әр азаматтың парызы екені атап өтілді.✍️ Оқушылар «Заң және тәртіп» тақырыбында эссе жазып, өз ой-пікірлерін еркін жеткізді. Сабақ соңында жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен жауапкершілік сезімін арттырудың маңыздылығы тағы бір мәрте айқындалды.🌟 Мұндай іс-шаралар оқушылардың азаматтық ұстанымын нығайтып, әділдік пен адамгершілікке тәрбиелейді.#Заңжәнеменіңқұқығым #АҮкібаевмектебі #Құқықтықмәдениет #Тәрбиеліұрпақ #ЗаңжәнеТәртіп
