Текст
20.02.2020
"Жаңартылған білім беруде мектепалды даярлық сынып оқушыларын тәрбиелеу мен оқытудың тиімді жолдары" тақырыбында аудандық семинар өтті. Осы семинарда Фазылова Тазагүл Каскырбаевна " Қонақ күту салтымыз.П дыбысы" тақырыбында сауат ашу пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ өз дəрежесінде өтті. Сулейманова Гүлжанат Нагашыбаевна " Абай ды оқы, ерінбе!" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Даярлық сынып оқушылары Абай ата өлеңдерін жатқа оқып, ауданымыздың мектепалды даярлық сынып оқушыларына эстафета жолдады. Семинар Гүлжанат Нагашыбаевнаның " Балалардың тілін дамытуда мнемотехника əдісін қолдану" тақырыбында шеберлік сағатымен қорытындылады.
20.02.2020
Мектебімізге келген ресурстық орталық оқушыларымен және 8-9 сынып оқушылары арасында "Кім тапқыр?" зияткерлік сайысын Абдрахманова Г.А, Халилла Ұ.У, Сағымбай О.А өткікізді. Сайыста жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша логикалық сұрақтар, әр түрлі тәжірибелер мен жұмбақтар қарастырылды. Сайыс өте қызықты әрі пайдалы болды.
14.02.2020
12-ақпан күні 2-3 сыныптар арасында "Тәртіп-тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өмірімнің қас жауы" атты пікірталасты Света Мубараковна өткізді. Тәртіп дегенді қалай түсінетіндерін талқылап, "Менің атым - Қожа" фильмінен үзінді көрсету арқылы ой қорытып, әр топ өздері жасаған жақсылықтары туралы есеп берді. Бастауыш сынып балғындары өздерінің толық ойларын ортаға салу арқылы пікіраласқа өз деңгейінде қатыса білді. Бұл іс-шараға ата-аналар шақырылып, біркісідей атсалысты.
14.02.2020
12 - ақпанда 9 сыныптар арасында "Мамандық таңдау - өмірге жолдау" атты ата-аналар, мұғалімдер, арнайы шақырылған қонақтармен бірге дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыластарын арттыру.Кәсіптік бағдар беру. Өзін-өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру. Шақырылған қонақтар: өрт қызметкері Тілек Қайратұлы, дәрігер Перизат Қайырбекқызы. Өткізген сынып жетекшілері: Әмірбек А.Ә мен Алдашев А.Қ.
12.02.2020
6 ақпан күні өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі аясында пән олимпиадасының мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды. Олимпиада 3 кезең бойынша өтті. Жеңімпаздар аудандық кезеңге жолдама алды.
12.02.2020
10 ақпан күні өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 2-4 сыныптар мен 5-7 сыныптар аралығында "Ән-көңілдің ажары" атты ән сайысы өтті.
06.02.2020
Өзін-өзі тану пәнінен онкүндік аясында "Алтын жүрек анамыз" атты 5-7, 8-10 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті.
31.01.2020
3 сыныптар арасында Айткулова Жанар Шоптибаевна "Білім биржасы" атты зияткерлік сайыс өткізді
31.01.2020
"Парыз" ашық тәрбие сағаты. 10 сыныбының жетекшісі Рашева А.Н.
31.01.2020
4 "А" сыныбы өткізген "Алтын қақпа" зияткерлік сайысы.