Текст
15.04.2020
Компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу жөніндегі ұсыныстар
13.04.2020
12 сәуір - бүкіләлемдік авиация және ғарышкерлер күні. Біз ұшқыш батыр ағаларымызды мақтан тұтамыз. Сынып жетекшілері қашықтықтан сынып сағаттарын ұйымдастырды. Қашықтықтан оқыту мектепте оқумен бірдей болмаса да, біздің оқушыларымыз осы мерекені өздерінше атап өтіп, ұлы мерекенің мерейін асырып отыр. Оқушыларымыз арнап салған суреттерін, тақпақтарын, өлеңдерін жолдады.
10.04.2020
“Рухани жаңғыруға ”3 жыл.2017 жылғы 12 сәуірде мемлекет басшысы “Болашаққа бағдар : қоғамдық сананы жаңғырту” атты бағдарламалық мақаласын жариялап , онда қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын айқындап берген еді.Адамгершілік тұрғыдағы құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай тұлғаны қалыптастыру оның сәби кезінен бастау алатыны белгілі. Халықта «Ағаш түзу, әдемі болып өсу үшін оны көшет кезінде баптау керек, ал қисық ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық яғни адамгершілік сынды қасиеттерді саналарына сіңіріп, жаһандану заманында өз елін қорғайтын, үлкенді сыйлайтын «Мәңгілік Ел» ұрпағын тәрбиелеуде отбасы мен мектеп зор рөл атқарады. Сол себептен де оқушылардың бойына қазақи құндылықтарды дарытып, рухани бай мұрамызды бойларына сіңіре тәрбиелеу – алда тұрған басты міндеттердің бірі. Елбасымыз жариялаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының көздегені де осы, яғни,біз осы идея арқылы төл дәстүрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғыртып, дініміз бен тілімізді өркендетеміз. Осы мақсатқа жету барысында біздің мектепте мынадай міндеттер алға қойылды: Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді жақын таныстыру, өз Отанын, туған жерін,тілін, дінін құрметтейтін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.Жас бүлдіршіндеріміздің тіл байлығын дамыту бағытында түрлі тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаттарын өткізу және рухани бағдарлама аясында ата-аналар мен ынтымақтастық қарым-қатынаста әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
09.04.2020
Ата-аналар назарына
04.04.2020
3 - cәуірде жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектебінде пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша оқушыларға біріңғай жалпы сынып сағаттары ұйымдастырылды. Тақырыбы: «Мен қашықтан қалай оқимын?», «Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?» атты сынып сағаттары Мақсаты:Қашықтан оқыту туралы оқушыларға ақпарат беру. Оқушыларға өзін вирустық аурулардан қалай сақтануға болады екені туралы ақпарат беру Мектебімізде 24 сынып комплектісі бар. Жалпы мектеп бойынша 430 оқушы біліім алады оның 1-11 сынып арасында 389 оқушы білім алмса , 41 оқушысы даярлықта білім алады. Барлық сынып жетекшілер оқушыларымен онлайн сынып сағатын өткізді. Оқушылар zoom платформасы арқылы онлайн қатысса ,ал кейбір оқушылар WhatsApp құрылғысы арқылы онлайн қатысса кейбір оқушылар kundelik.kz құрылғысымен кірді. Әр сынып жетекшісі сынып оқушыларымен түсіндірме жұмысын жүргізді.
01.04.2020
1 сәуірде мектебіміздің мұғалімдері оқушыларға сынама сабақтар өткізді. Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектепте қашықтықтан оқыту бойынша өткізілген сынама сабақтар туралы ақпарат. Білім және ғылым Министрлігінің 2020 жылғы 31 наурыздағы шығыс № 121 хаты негізінде ағымдағы жылдың 1 сәуірінде қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып төмендегі кестеге сәйкес сынама сабақтар өтілді: Ағылшын тілі пәні мұғалімі Алдашев А.К. 9 «А»сыныбында «To be going to» тақырыбында өткізді. Мақсаты: • жаңа грамматикалық тақырыпты түсіне алады; • тапсырмаларды жеке орындай алады; • оны шынайы өмірде қолдана алады; Өткізу формасы: Zoom қосымшасы. Қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Қ.Сеилова 10 сыныпта «Шерхан Мұртаза өмірі, шығармашылығы. «Бесеудің хаты» драмасы . (Кіріспе сабақ)» тақырыбында өткізді. Оқу мақсаты: 10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау. Оқушыға бағытталған мақсаты: Қоғамдағы мәселелер арқылы кейіпкер бейнесін анықтайды. «Бесеудің хаты» драмасындағы хат авторлары жайлы біледі. Сабақ беру түрі: WhatsApp арқылы видео сабақ. Қазақ әдебиеті пәні мұғалімі А.Абикеева 8 сыныпта «Т.Ахтанов. Күй аңызы » тақырыбында өткізді. Оқу мақсаты: Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау. Оқушыға бағытталған мақсаты: Шығарманың жанрлық ерекшелігі мен сюжеттік желісін анықтайды. Сабақ беру түрі: WhatsApp арқылы видео сабақ. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар пәнінен 4 а сыныбында Абдрахманова Г. «Интернетке деректер жіберу» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ мақсаты : • Электронды пошта туралы түсінік; • Электронды поштаға тіркелу. Мұғалім ZOOM программасы арқылы онлайн шықты. Сабақ жақсы ұйымдастырылды. Мәтематика пәнінен 5 а сыныбында Дамер Б. «Пайыз» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ беру түрі: WhatsApp арқылы видео сабақ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Нурпеисова 6 ә сыныпта «Кітапхана және кітаптың маңызы » тақырыбында қазақ тілінен өткізді. Оқу мақсаты: Әлеуметтік –мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі көтерілген мәселені талдау. Сабақ беру түрі: WhatsApp арқылы видео сабақ. Бастауыш сынып мұғалімі Жунусова Гульжанат Масакбаевна 1А сыныбында «Дыбыстар мен әріптер» тақырыбында сауаташу пәнінен сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты : • Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айтады; • Әріп элементтерін калиграфиялық талаптарға сай жазады; • Дыбыс пен әріптің айырмашылығын түсінеді. Өткізу формасы: Zoom бағдарламасы арқылы жасалынған бейнесабақ түсірілімін ватсап желісінде өткізу.
28.03.2020
Құрметті ата-аналар! Сіздерден төтенше жағдай кезіндегі ұсыныстарды сақтау жөнінде балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуіңізді өтінеміз
26.03.2020
Асхат Аймағамбетовтің ата-аналарға хаты Құрметті ата-аналар! Балаларымыздың көктемгі каникулы 16 наурызда басталды. Қазіргі кезде ата-аналардың басым бөлігі үйде жəне балаларға 21 күнге созылатын демалысты қызықты əрі пайдалы өткізуге көмектесе алады. Менің ұлым – төртінші сынып оқушысы. Өзі кітап оқығанды жақсы көреді. Мысалы, оқу жылы басталғалы «Робинзон Крузо», «Том Сойердің бастан кешкен оқиғалары», «Менің атым – Қожа», «Көшпенділер» трилогиясы кітаптарын бірге оқып шықтық. Сүйікті кітабымыз – «Капитан Гранттың балалары». Сондай-ақ ежелгі грек жəне мысыр мифтері мен аңыздарын қызыға оқып шықтық. Ата-аналардың балаларды кітап оқуға баулығаны өте маңызды. Егер бала Сіздің кітап оқып отырғаныңызды жиі байқайтын болса, өзі де қолына кітап алатын болады. Маған бала кезімде ғылыми фантастика жанрында жазылған туындылар ұнайтын. Айзек Азимовтың, Рэй Брэдберидің, ағайынды Стругацкийлердің, Клиффорд Саймактың, Роберт Хайнлайнның еңбектері қиялымды оятатын. Осы авторлардың туындыларын оқып, күні бойы хикаялардың мазмұнын ойлап жүруші едім. Осылайша, есейе келе, ғылыми əдебиеттерге деген қызығушылығым артты. Сондықтан, балаларды осы жанрға баулу өте маңызды деп ойлаймын. Бала күнде оқыған сүйікті туындыларыңызды балаларыңызға ұсынып көріңіздер. Ең бастысы, бала үйде кітапты неғұрлым көп оқитын болса, мектеп бағдарламасын соғұрлым жеңіл меңгеретінін ұмытпаңыздар. Кітап оқудан бөлек, отбасымен танымдық видеоларды қарауға болады. Мысалы, видеосабақтарды, тренингтер мен ғылыми тəжірибелерді, TED-конференцияларын жəне т.б. Біздің министрліктің сайтынан білім беру ресурстарының тізімін таба аласыздар. Айтпақшы, қазіргі кезеңде білім беруге бағытталған сайттарды пайдалану барысында трафик есептелмейді, яғни тегін болады. Ол үшін біз интернет провайдерлерімен келісім орнаттық. Бұл қосымша білім беру орталықтары, курстар мен секциялар жұмысын тоқтатқан кезеңде өте ыңғайлы болмақ. Сондай-ақ, бұл – балаларды онлайн-форматта білім алуға икемдеуге жақсы мүмкіндік, болашақта пайдасы тиетіні де сөзсіз. Ата-аналардың басым бөлігі каникул аяқталған соң, оқу процесі қалай ұйымдастырылатынын уайымдауда екенін білемін. Қазіргі уақытта оқуды қашықтан жүргізуге көмектесетін ақпараттық жүйелерді дайындап, тестілеудеміз. Кейбір сабақтарды телеарналар арқылы өткізуге болады. Бұл формат біздің оқушылар мен ұстаздар үшін үйреншікті емес, сондықтан педагогтердің жұмысына түсіністікпен жəне құрметпен қарауларыңызды сұраймын. Олар оқушыларын сағынды жəне мектепке келер сəтін асыға күтуде. Бұл – министрдің емес, жағдайға байланысты балаларымызда кенеттен пайда болған бос уақытты тиімді өткізуді жəне осы кезең бізді балаларымызбен жақындастыра түсуді қалайтын əкенің ұсыныстары ғана. Балапандарымыздың бақытты болуы біз бен Сізге тікелей байланысты. Өзіңіз бен жақындарыңыз аман болғай! Ізгі ниетпен, Асхат Аймағамбетов
25.03.2020
Еліміздегі коронавирус дертінен сақтану шаралары