Текст
3 - маусымда Ақпан Үкібаев орта мектебінде "Сәт сапар саған, жас түлек!" атты мектеп бітіруші түлектердің салтанатты жиыны өтті. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебінің соңғы қоңырауына жиналды. Тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің түлектері кешегі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен, білім берген ұстаздарымен қоштасты. Сынып жетекшісі Асемгүл Бүркітбаевна өз шәкірттеріне ізгі тілегін білдіріп, шығарып салды. Мектебіміздің жас түлектеріне ақ жол, сәттілік тілейміз!