Жанында интернаты бар А .Үкібаев атындағы орта мектебінде 1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған қашықтықтан өткізлген іс шаралар көп болды ,атап айтсақ 5-8 сынып оқушыларының, Жастар одағының челленджі, бастауыш сыныптар оқушылары ұйымдастырған " Біз біргеміз" атты сурет көрмесі және әр сынып жетекшісінің Өткізген " Менің Қазақстаным" офлайн сабақтары. Бұл іс шаралар жоғары деңгейде, уақытында жүргізілді. Бұл жұмыстарға сынып оқушылары жақсы қатысып, белсенділік танытты.Барлық дайындалған материалдар фейзбук парақшасында жарияланып отырылды . Жұмыс жоспарлы түрде жүзеге асырылды . Алдағы уақытта да оқушылар өз шығармашылығымен бізді қуантады деген сенімдеміз.