Техникалық шығармашылық және өнертапқыштық бойынша «Көкше дарыны» облыстық ашық фестивалін өткізу ережелері аясында байқау өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу –әдістемелік орталығында қашықтық форматында өткізілді.
Байқаудың мақсаты:білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы, өнертапқыштық,зерттеу жұмыстарына тарту,талантты балаларға қолдау көрсету,тұлғаның шығармашылық құзіреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.
Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектебінің 7«А» cынып оқушысы Орал Мақсат Әділұлы Техникалық шығармашылық және өнертапқыштық бойынша өткен «Көкше дарыны» атты қашықтықтан өткен ,облыстық ашық фестиваліне қатысып, «Комбайн» номинациясына ие болып,жүлделі 1-ші орынды иеленді. Мақсат енді өз өнерімен,таланттылығымен,шеберлілігімен көзге түсіп, Республикаға жолдама алды.Еңбек пәнінің мұғалімі , жетекшісі ,асқар тау әкесі Жакупов Әділ Оралұлының еңбегінің арқасы .«Әке көрген оқ жонар»дегендей Мақсат әкесінің жолын қуып,шеберлілігін,дарынды,таланттылығын көрсететініне сеніміміз мол. «Ата өнері балаға мирас» демей ме? Қанмен берілген қасиетті шыңдап, темірге тіл, жаңқаға жан бітірген Мақсаттың өнері өрге жүзе берсін,тек алға дегіміз келеді