Текст
Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, соңғы қоңырау үні де сыңғырлады. Соңғы қоңырау үнінің өзіндік сыры бар. Бұл – балалық балдәуреннің бір белесі. Бүгін білім ошақтарында соңғы қоңырау соғылып, оқушылардың мектеппен қоштасатын, түлектердің жаңа өмірге қанат қағып, қадам басатын соңғы қоңырау мерекесі. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» шәкірт үшін мектеппен қоштасу – қимастық сезімге толы ең бір албырт шақ. Бүгін мектебімізде “Мың алғыс саған, мектебім” атты соңғы қоңырау мерекесі өтті. Түлектерімізге ақ жол тілейміз.
https://www.instagram.com/reel/C7Y2ALKMZDJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==