Текст
2020 жылдың 27 мамыр күні 8 - 11 сынып оқушылары арасында онлайн режимінде ZOOM платформасы арқылы Республикалық "Абай оқулары" байқауының облыстық кезеңі өтті. "Ұлылар әлемі", "Көңілім әнді ұғады" номинациялары бойынша 8-сынып оқушысы Мұрат Диана мен 10-сынып оқушысы Аубакирова Аружан қатысты.
Сайыс нәтижесінде "Ұлылар әлемі" номинациясы бойынша Мұрат Диана І дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы жеңістерімен Мұрат Диана мен пән мұғалімі Абикеева Анар Жұмағазықызын шын жүректен құттықтаймыз. Әрдайым білімнің биік шыңынан көрініп, алар асулары көп болсын!