«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Акпана Укубаева города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»     

СоцСети

https://www.facebook.com/a.ukubaev  

https://www.instagram.com/akpanykubaev2/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әкем, анам, мен – спорттық отбасы

21.05.2020

​«Әкем, анам, мен – спорттық отбасы» “Bizbirgemiz,Bizotbasymyz” #біз үйдеміз ұранымен Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында Халықаралық Отбасы күніне арналған «Әкем, анам, мен –спорттық отбасы!» облыстық онлайн-жарысы өткізілді. Осы жарысқа ауданымыздағы Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектебінің атынан Серікбаевтар отбасы қатысты. Бұл сайыстың кезеңі –ІІІ бөлімнен тұрады: • І – Өзінің отбасын бейнеролик арқылы таныстыру ; • ІІ- Дене қыздыру жаттығуларын бейнеролик арқылы көрсету; • ІІІ- «ZOOM» арқылы спорттық сайысқа түсу.  Осы тапсырмаларды бұлжытпай орындап, сайысқа түсті. Облыстық спорттық сайысқа 14 аудан қатысты, соның ішінде мектебіміздің мақтанышы   Серікбаевтар отбасы 10 ауданды артқа тастап IV орынды иеленді .  Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Ендеше денсаулықтың – кепілі спорт демекші спортпен шұғылданайық. «Әкем,анам,мен –спорттық отбасы!» атты қашықтықта өткізілген облыстық байқау өз мәресіне жетті. Белсенділік танытып қатысқан Серікбаевтар отбасына алғысымыз шексіз, сіздерге  ұзақ өмір, мықты денсаулық , қажымас қайрат тілейміз!

Просмотров: 253


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст