Отбасы-қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі. Елбасы «Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген болатын. Осы орайда мемлекет басшысы отбасындағы тәрбиеге аса мән беріп отыр. Барлығына белгілі – бұл әлемдегі шынайы байлық – ол отбасы. Осы отбасы күніне орай қашықтықта өткізілген әртүрлі іс-шаралар мен сайыстарға, флешмобтарға, бейне-роликтерге біздің мектебіміздің ата -аналары да белсенді қатысты .Оларды атап өтетін болсақ: "Отбасым менің -қорғаным" тақырыбында бастауыш сыныптардан бастап ерекше белсенділік танытты . "Отбасым менің-қорғаным "челленджіне даярлық "А" сыныбынан Абду Амирлан ,даярлық "Ә" сыныбынан Мақсұтбектер отбасы,1 "А" сыныбынан Шпанова Аида ,1"Ә" сыныбынан Қайсар Ұлжан , 1 "Б" сыныбынан Сулейманов Нариман , Ермекұлы Мансұр , 2"Ә" Ерболова Алтынай ,3"Ә" сыныбынан Қарсақ Жан Жанайым ,3 "Б" сыныбынан Курикалова Аружан, 4 "А" сыныбынан Асхат Нариман және Абитаевтар отбасы мен Шакеновтар отбасы қатысты,4 "Ә" сыныбынан Утелбаевтар отбасы атсалысты . " Отбасы сағаты " флешмоб акциясына- даярлық "Ә" сыныбынан Тынымовтар отбасы,1 "А" сыныбынан Сайфулиндер мен Мұрат Дария отбасылары,1 "Б" сыныптан Жұмабековтер отбасы, 2 "А" Ахметова Алуа, 2 "Ә" сыныбынан Бақытбек Даниал , 3 "Ә" сыныбынан Мурзабеков Мадияр ,3 "Б" сыныбынан Мусуровтар отбасы және 4 "Ә" сыныбынан Жаркимековтер отбасылары қатысты. Мектебіміздің белсенді ата-аналарының бірі Серікбаевтар отбасы "Әкем, анам және мен "тақырыбыында облыстық спорттық байқауда "ZOOM" арқылы өнерін көрсетті. Осындай қашықтықта өткізілген қаншама іс-шаралардың барлығына белсенділік көрсеткен мектебіміздің ата-аналарына алғысымыз шексіз.«Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қызы» деген, мақтан етер ұрпағымыз көбейсін. Ұрпағына мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз , ата-аналарымыз көп болғай. Қазақтың әр отбасының керегесі кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!