Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектептің Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Желбіре,жеңіс жалауы!» қашықтық конкурстың жетістігі Жеңістің 75 жылдығына орай «Желбіре, Жеңіс жалауы!» атты қашықтықта өткізілген байқауға барлық сынып оқушылары мен жетекшілері белсене атсалысты. Атап айтсақ 6-сынып Найзабекова Арай челленджді ашып берсе, 8 – сынып оқушысы Төрехан Төре Құрманғазының «Балбырауын» күйін төгілте орындап, 5-сынып оқушысы Қасқырбай Әділжан Ұлы Отан Соғысының ардагері Хасенов Нұрқан атасы жайлы әңімелеп, атасы жасаған ерліктерін баяндады. 6-сынып оқушысы Сағымбай Гүлден күйсандықта «Этюд» орындаса, 9-сынып оқушысы Арыспаева Мәншүк өлең оқыды, 10-сынып оқушысы Аубакирова Аружан Жеңіс күніне арналған ән шырқады. Сонымен қатар мектептің ұстаздары мен оқушылары . Облыстық байқауда Төрехан Төре жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші қашықтықта өткізіліп жатқан сабақтар мен тәрбие жұмыстары қарқынды жалғасын табуда. Атқарылып жатқан іс –шараларға белсенді атсалысқан барлық ұстаздарға еңбекте табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін.