Текст
Бүгін 18.03 күні 7-ә сыныбында «Наурыз-берекем, Наурыз-мерекем!» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты:
1. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келген жыл басы – Наурыз мерекесінің қасиеті мен дәстүрінен сыр шерту. Ұрпақтар санасына ұлттық тағылым мен ұлттық салт-дәстүрлерден хабар беру.
2. Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрлерімізді біліп қана қоймай, қолдана білуге баулу; халқымыздың мол мұрасын саналарына сіңіре отырып, тағылым алуға жетелеу.
3. Ұлттық тәрбие көзінен нәр алуға түрткі жасау. Туған халқының бай ауыз әдебиетін қадірлеуге, салт-дәстүрін пір тұтуға, ұлттық тағылымдармен сусындап өсетін халқының азаматы болуға баулу.