Бүгін Жарқайың ауданының кураторы Мукушева Қаракөз Серікқызының қатысуымен аттестаттау шарттары, тәртібі туралы А.Үкібаев атындағы ЖОББМ-нің директоры Айбек Силеухадырұлы мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Анар Жумагазиевна zoom платформасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жоба түрінде ұсынылған аттестаттау ережесі бойынша аттестатталатын педагогтің іс-әрекеті, ұстаз платформасы, педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы туралы толық ақпарат беріп өтті. Педагогтер тарапынан туындаған сұрақтар қойылып, өз жауаптарын алды. Жалпы педагогтер үшін тиімді өзгерістердің бірі әр саладағы байқаулардың аттестаттауға жарамды болуы, платформаның тиімділігі.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жетписбаева Г.Ж.