13.12.2023
Ұстаздық қызмет-ұлы құрмет. Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адамбойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы еңалдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімніңмұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгіболарлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс. «Жақсы адам – Алланың нұры» дейді. Жақсылық
атаулыны ішкі жан дүниесімен қабылдап, өз бойындағы сезімді, берік қалыптасқан көзқарасты оқушы бойына дарыта білетін, өз бойындағы жасампаздық пен шығармашылық, өз-өзіне сенімділік пен сабырлылық, табандылық пен төзімдік сияқты мінез-құлық ерекшеліктерімен, сондай-ақ өзгелерге қолдау көрсете білетін, жылы жүрегімен жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын ұстаздың бірі – «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің оқу ісінің орынбасары – Әмірбек Айжарқын Әлмияқызымен қызмет жасаудамыз «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демей ме, осындай әріптеспен кездестірген тағдырға ризашылығымды білдіремін.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын 2005жылы математика- физика пән мұғалімі мамандығын тәмандаған. Әмірбек Айжарқын Әлмияқызы – барды бағалап, айналасындағы жандармен қарым-қатынасында да жоғары адамгершілік көрсете білетін, өз жұмысына, бала тәрбиесіне жаны ашып, асқан жауапкершілікпен қарай білетін, адал да шынайы, өз ісіне жауапты ұстаздардың бірі.
Әрине, кімнің де болмасын, жалпы адамзат баласының өлшеулі өмірі нәтиже беруді талап етеді. Бұл кез келген істің басты критерийі болмақ. Өмірде тындырған әр ісің нәтиже беріп жатса, бұл да өмірдің сыйы емес пе?! Айжарқын Әлмияқызының оқушылары аудандық пән олимпиадасы, ғылыми жұмыстарда жүлделі орындарға ие болып жүргенін айта отырған жөн. Бергенінен берері көп, тәжірибелі ұстаз бүгінде мектеп мұғалімдерін жаппай шығармашылық тұрғыда шыңдауда. Оқытумен тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіріп, өз ісінің қас шебері болып кеткен ұстаз деп білемін . Өйткені осы мектепте істегелі қаншама мектепішілік, аудандық, облыстық алғыс хаттар, дипломдар, мақтау қазаздарымен марапатталып өзінің жан-жақты өнерлі екенін көрсете білді. Сондықтан Айжарқын Әлмияқызының да қаншама маман иесін тәрбиелеп, қаншама елдің саналы азаматтарын, дара тұлғаларын өсіріп, елге қомақты үлес қосып келе жатқаны жанымызға қуаныш, бақыт сезімін ұялатады. Құрметті Айжарқын Әлмияқызы деніңіз сау, еңбегіңіз елеулі, табысты болыңыз деп тілек білдіреміз. ![](/public/files/2023/12/13/131223_104014_40895113613866134389535465671051817902620722n.jpg)