Текст
Қарашаның 17-ы күні А.Үкібаев атындағы орта мектепте "Үздік кабинет -2023" байқауы өтілді. Байқау мақсаты: педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру кәсіби педагогикалық шығармашылықтарын ынталандыру және инновациялық идеялар мен жетістіктерді насихаттау. Байқауға пән мұғалімдері мен кабинет меңгерушілері қатысты. Қазылар алқасы барлық кабинеттерді аралап әдістемелік бұрыштары мен және санитарлық жағдайларын да қарап шықты. Алдағы аптада қорытындысы шығарылады.