Текст
Қазанның 6-ы күні А.Үкібаев атындағы орта мектепте 11-сыныптың және сынып жетекшісі Оспанова Эльмира Жанәділқызының ұйымдастыруымен "Дублёр күні" өтті. Оқушылар ұстаздар қауымын таңертең музыкамен, гүл шоқтарымен қарсы алып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұғалімдер екі сыныпқа бөлініп оқушы рөлін атқарса, оқушылар мұғалім рөлін алып, сабақ берді, сабақ соңынан оқушылар өз сезімдерімен бөлісіп, мұғалімдіктің қыр-сырын, қиыншылығын сезінгенін айтып, кері байланыс жасады. Іс-шараның екінші кезеңінде "Ұстазым, сізге мың алғыс" тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.