1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты халыққа жолдауы жарияланды. Еліміздің экономикалық саясатын жаңғыртуға бағытталған жолдауында халықты толғандыратын барлық өзекті мәселелер қамтылған. Бұл - халықтың табыс деңгейін арттыру, озық су үнемдеу технологияларын енгізу, қоршаған ортаның технологиялық және экологиялық жай-күйін, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін нығайту, "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу, цифрландыруды дамыту және инновацияларды енгізу, т.б. мәселелер.
Бұл жолы да білім беру саласы назардан тыс қалмады. Қол жетімді, сапалы білім беру, салауатты өмір салтын ұстануға толыққанды жағдай жасау сияқты өзекті бағыттарды атап өтті. Ел болашағы жастар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қолдау мен қорғау сұрақтарына да ерекше мән берді. Жолдауының соңында "Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады" деді. Президентіміздің халыққа жолдауын ұстаздар қауымы да қолдай отырып, әділетті Қазақстан орнатуда "Адал азамат" тұжырымдамасын жүзеге асыруда, жас ұрпақты сапалы біліммен сусындатуда мақсатты, нәтижелі жұмыс атқаратындарын жеткізеді.