«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Акпана Укубаева города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»     

СоцСети

https://www.facebook.com/a.ukubaev  

https://www.instagram.com/akpanykubaev2/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шексіз мейрімділік!

31.08.2023

«Ақмола облысы  білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі   Державин қаласының А.Үкібаев  атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі 2023-2024 оқу жылының қарсаңында 01 тамыз 30 қыркүйек аралығында "Мектепке жол" республикалық акциясы "Жақсылық жаса" ұранымен қарқынды жүзеге асырылуда.

   Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.«Мектепке жол» республикалық акциясының өткізіліп жатқандығы және демеуші жұмылдыру мақсатында мектеп сайтына, әлеуметтік желілерге хабарландыру берілді және баннер жасатылды. Қазіргі таңда, «Мектепке жол акциясына» демеуші жұмылдыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Сонымен қатар мектеп ұжымы «ҚАЙЫРЫМДЫ МЕКТЕП» акциясын бастап кеттік. Қыркүйек айының ортасында  акция аясында мектебімізде оқитын әлеуметтік топқа жататын оқушыға көмек қолын созу мақсатында, республикалық акцияға қатысып жатыр.  «Мектепке жол» акциясы алдағы уақыттада өз жалғасын табады. Республикалық акцияға демеуші болып, оқушыларға қайырымдылық жасап, қуанышқа бөленулеріне себепкер болуға шақырамыз. Қайырымдылық акциясынан қапы қалмаңыздар.

   

Просмотров: 1092


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст