Бүгін Гастелло ауылының жалпыбілім беретін орта мектебінің спорт залында жаппай дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастыру,салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау,білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасынан үздік спортшыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған білім қызметкерлерінің дәстүрлі "Мұғалім-2023" спартакиадасының аудандық кезеңінің ашылуы салтанатты түрде өтті . Спартакиаданың ашылуымен аудан әкімінің орынбасары Жекебатырова М.Ж. құттықтап, жарысқа қатысушы ұстаздардың жарысты нәтижелі өткізіп, облыстық кезеңде жақсы көрсеткішке қол жеткізетіндіктеріне сенім білдірді."Білім бөлімі"басшысы Нурпеисова Г.К,кәсіподақ филиалының төрайымы Садвакасова Р.Е. қатысушыларды құттықтап,сәттілік тіледі. Спартакиаданың жүргізілу тәртібімен әдіскер Кабиденов Д.Е. таныстырып,әріптестерге табыс тіледі.Спартакиаданың Ережесіне сай спорттың 7 түрінің алғашқы 2 түрінен "Асық ату" және Шахматтан аудан мектептерінің спортшылары күш сынасты. "Асық ату" және Шахматтан жүлделі орындарға ие болған әріптестеріміз "Білім бөлімі" мен кәсіподақ филиалы атынан грамоталары мен ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. Шахмат ойынынан ерлер арасында 1-орын- Дамер Болатбек мектебіміздің математика пәні мұғалімі жүлдеге ие болды.