Текст
Бүгін мектебіміздің тәжірибелі ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспанова Эльмира Жанәділқызы және дарынды шәкірті Силеухадыр Анель аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ұстаз бірнеше дарынды шәкірттерін білім байқауларына қатыстырып, оқушылары аудан, облыс көлемінде жүлделі орындарды иеленіп жүр. Ана тіліне сүйіспеншілігі жоғары шәкірттерінің бірі Сілеухадыр Анель облыстық "Ілияс оқулары" байқауының жас ақындар номинациясы бойынша 1-орынға ие болып жеңімпаз атанды.