«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Акпана Укубаева города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»     

СоцСети

https://www.facebook.com/a.ukubaev  

https://www.instagram.com/akpanykubaev2/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құттықтаймыз!

21.09.2022
Бүгін, ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Марокконың Марракеш қаласында, мүгедектігі бар тұлғалар арасында жеңіл атлетикадан әлемдік серия кезеңіне қатысқан Әсем Жанәділова мен оның жеке жаттықтырушысы Данияр Бектемісовті қарсы алу іс-шарасы өтті.
Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Шонов спортшыларды жоғары нәтижелерімен құттықтап, табыс және жарқын жеңістер тілеп, Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовтың алғыс хаттарын табыс етті.
Сондай-ақ, Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Есекеева, Жарқайың БЖСМ директоры Айгүл Әлжанова, Жарқайың ауданы әкімінің мүгедектігі бар тұлғалар мәселесі жөніндегі кеңесшісі Әділ Нұрбеков құттықтау сөз сөйледі.
Естеріңізге сала кетейік, біздің жерлестеріміз 40-тан астам елдің спортшыларының қатысуымен Марокконың Марракеш қаласында өткен мүгедектігі бар тұлғалар арасындағы жеңіл атлетикадан әлемдік серияның кезеңіне қатысты. Әсем Жанәділова аталған жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, күміс пен қола жеңіп алды.
Просмотров: 195


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст