Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Абдрахманова Г.А жетекшілігімен «Интернет және біз» тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек - интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; интернеттің пайдасы мен зияны туралы білімдерін кеңейту. Оқырмандарға интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқырмандардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу. Іс-шара пікір-талас түрінде қызық әрі жан-жақты болды. Қатысқан оқушылар өте жоғары деңгейде өздерін көрсете алды.