Құрметті жарқайыңдықтар!
Сіздерді Абай күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл Ұлы ақын, ағартушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының 177 жылдығы.
Қадірменді ағайын, кемеңгер Абай қазақтың ар-ожданы, қазақтың болмыс-тіршілігі мен жан дүниесінің айнасы. Ұлы ұстаз халқымызды білімділікке, адамгершілік пен еңбекқорлыққа шақырып, ұлтжандылық пен күллі адамзатқа ізгі пейілмен қарау асыл мұрасын қалдырған. Хәкім Абайдың артында қалдырған мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа жетер, мәңгілікпен ұласар асыл қазына. Қаншама заман ауысып, қаншама буын, ұрпақ жаңарса да, Ұлы ақын айтқан «қуаты күшті нұрлы сөздің» сыры кетпей, сыны бұзылмай, жаңа қырынан ашылып, жаңғырып келеді.
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – бұл біздің ұлттық қазынамыз және сонымен бірге әлемдік мәдениеттің игілігі.
Қадірлі жерлестер!
Абай күні мерекесі елімізді жаңа шығармашылық жетістіктерге, жаңа белестер мен шыңдарды бағындыруға шабыттандырып, рухани және зияткерлік әлеуетімізді шарықтата берсін! Мереке құтты болсын ағайын!
Игі тілекпен,
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов