Ағымдағы жылдың 1-4 шілде аралығында Қырғызстан Республикасының астанасында гір спортынан Әлем Чемпионаты өтуде.
Аталған чемпионатта Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Үндістан, Пәкістан, Түркіменстан және Белоруссияның спортшылары өнер көрсетуде.
Біздің жерлестеріміз жаттықтырушы Халибек Салтанаттың шәкірттері өз өнерлерін аяқтап:
Аманқұл Әбуәли 58 келі салмақ дәрежесінде серпе және жұлқа көтеру жаттығудан екі дүркін Әлем чемпионы атанды.
Дарменов Ернұр 63 кг салмақ дәрежесінде серпе көтеру жаттығуында әлем чемпионы атанды, сондай-ақ ұзақ айналымда күміс жеңіп алды.
Қуаныш Нұрғожин ұзақ айналымда күміс жүлдегері атанды.
Нәтижесінде біздің спортшылардың қоржынында 3 алтын және 2 күміс медаль.
Жаттықтырушы Халибек Салтанатты және шәкірттерін әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!