Текст
Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектебінде «Абайлаңыз, жаяу жүргінші!» тақырыпта акция бойынша мектеп жасындағы балалар арасындағы жол-көлік жарақаттының мәселесіне қоғамның назарын арттыру, білім деңгейін арттыру арқылы оның профилактикасының маңыздылығын тану және жол қозғалысы ережесін орындау. Мектебіміздің Балғын жол инспеекторлары тобы дайындаған 1 сынып оқушыларымен «Бағдаршам қонаққа шақырады» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Жарқайың аудандық жасөспірімдер жұмысы бойынша бөлімінің аға инспектор майоры Жуматаева Динагуль Калибековна келіп қатысып оқушыларға жол ережесі туралы мағлұмат беріп өтті.