01.06.2022
Қадірменді жерлестер! Қымбатты балалар!
Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Балаларды қорғау күні – олардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.
Сондықтан да балаларды қорғау күні мереке ғана емес, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Болашақ ұрпақтың бақытты өмір сүруіне мүмкіндік жасауға арналған күн.
Ауданымызда балалар үшін көп жақсылықтар қолға алынуда. Олардың алаңсыз білім алып, спортпен, өнермен айналысуына мүмкіндіктер мол.
Сондықтан жазғы демалысты жақсы өткізулеріңе тілектеспін!
Менің жас достарыма демалысты сапалы ұйымдастыратын барша тәрбиешілерге сәттілік тілеймін.
Қымбатты балалар!
Сендерге қыраны самғаған ашық аспан, балдай тәтті балалық шақ, шаттыққа толы қуаныш, нұрлы болашақ тілеймін!
Мереке құтты болсын!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов