31.05.2022
1931-1932 жылдардағы ашаршылық пен 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін – ұмытуға болмайтын кезең. Бұл ретте жекелеген адамдардың ғана емес, тұтас халықтың тағдыры таразы басына тартылғаны белгілі.
Аудан орталығының кіші алаңында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті.
Саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты іш-шара кезінде Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Шонов, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпағы Вера Сидорина сөз сөйледі.
Сондай-ақ, жазықсыз жапа шеккен әруақтардың рухына арнап Жарқайың аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Алмас Оспан құран бағыштады.
Іс-шара барысында Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары, аудандық мәслихат хатшысы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, Державин қаласының әкімі, аудан ұйымдарының басшылары, аудандық прокуратура, полиция, төтенше жағдайлар, өрт сөндіру бөлімдерінің басшылары Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.