«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Акпана Укубаева города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»     

СоцСети

https://www.facebook.com/a.ukubaev  

https://www.instagram.com/akpanykubaev2/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Соңғы қоңырау!

25.05.2022
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов, Ақпан Үкібаев атындағы орта мектебінде өткен соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиынға қатысты.
"Қадірлі ұстаздар, ата-аналар! Құрметті оқушылар! Аяулы түлектер! Сіздерді кезекті оқу жылының аяқталуымен және соңғы қоңырау мерекесімен құттықтаймын. Бүгінгі күн – ұмытылмас ерекше күн. Себебі, қанаттары қатайған қарлығаштарымыз балғын балалық шақты артта қалдырып, жаңа өмірге қадам басқалы тұр. Сіздерге бар жақсылық пен сәттілікті тілеймін! Түлектерге ақ жол болсын!"- деді, аудан әкімі мектеп оқушыларының алдында сөйлеген сөзінде.
Салтанатты жиын барысында 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша білім беру саласын дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, білім сапасын арттыруға қосқан үлесі, адал еңбегі, жоғары кәсібилігі үшін Жанболат Хамитов мұғалімдерге алғыс хаттар табыс етті. Сонымен қатар, Балалар жылы аясында аудан спортын дамытуға қосқан үлесі үшін аудан әкімінің алғыс хатымен 11 сынып оқушысы Нұрғожин Қуаныш марапатталды.
Сондай-ақ, мектеп директоры Силеухадыр Айбек түлектерге жылы лебізін білдіріп, 11 сыныптың ата-аналары атынан мектептің еңбек сіңірген мұғалімі, түлектің әжесі Қымбат Манешқызы сөз сөйледі.
Осындай іс-шаралар ауданның барлық мектептерінде аудан әкімі орынбасарларының, бөлім басшыларының, қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен өтті.

 

Просмотров: 214


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст