«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Акпана Укубаева города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»     

СоцСети

https://www.facebook.com/a.ukubaev  

https://www.instagram.com/akpanykubaev2/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дарынды балаларға - Талантты мұғалім»

12.05.2022

«Дарынды балаларға - Талантты мұғалім» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің қорытындысы

2022 жылғы 21 сәуірде Жарқайың ауданының шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдері «Дарын» республикалық ғылыми - практикалық орталығы өткізетін «Дарынды балаларға-Талантты мұғалім» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне 10 адам құрамында қатысты.
Олимпиаданың мақсаты - жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау; жас мұғалімдердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби қатынасын қалыптастыру.
Олимпиада кәсіби педагогикалық білім беру мен педагогикалық кәсіптің маңыздылығын арттыру, ең талантты педагогикалық-бағдарланған жастарды анықтау мақсатында өткізілді. Оған 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар жас педагогтар, психологтар, тәлімгерлер қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша санаттар бойынша келесі қатысушылар орындарға ие болды және «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» ММ грамоталарын алды:
«Жас мұғалім» санатында:
2 орын - Муса Меруерт Қайратқызы- Үкібаев атындағы ОМ
«Тәлімгерлер» санатында:
1 орын – Қайырбекова Гүлвира Серкешқызы- Үкібаев ат. ОМ

Республикалық педагогикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

 

Просмотров: 229


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст