Бүгін 4-маусым күні ауданымыздың алғашқы хатшысы А.Үкібаев атамыздың туғанына 100 жыл толып отыр. Мерейтой қарсаңында, көктем шыға аудан Әкімдігі мен Білім бөлімінің басқаруымен мектеп алаңынан А.Үкібаев аллеясы белгіленіп,100 түп қарағай ағашы отырғызылған болатын.
Мемлекеттік рәміздер күнімен қатар келген бұл күн мектеп ұжымы үшін тағы бір есте қалатын күн болды. Өйткені бүгін мектебіміздің ауласына жап-жасыл әсем шырша ағаштары отырғызылып, мектеп бағы бой түзеген әдемі ағаштармен толықты. Сонымен бірге мектептің сыртына машина тоқтайтын асфальт жол жасалып, мектептің алдына, мектеп пен интернаттың ортасына асфальт жолдар төселді. А.Үкібаев аллеясының алдына брусчатка төселіп, демалатын орындықтар орналастырылды. Енді Аллеяны жарықтандыру жұмысы жүргізіліп, «Мерей» шағын орталығының ауласына асфальт төселмек. Осы игі істерді ұйымдастырып,басқарып, жанашырлық танытып демеушілік көрсеткен ТОО Арка-К басшысы Исатов Елеубек Елеусізұлы мен ұжымына мектеп оқушылары ,ұстаздары, ата-аналары атынан шын жүректен алғыс білдіреміз! Халқымызда «жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын»,-деген әдемі сөз бар. Осы сөз Сіздей пейілі кең, жүрегі жомарт, намысшыл азаматтарға арналған дейміз. Сіздің еліміздің болашағы –жасөспірім,жастарға жасаған жақсылығыңыз ешқашан ұмытылмайды. Сізге зор денсаулық,мол табыс,отбасыңызға бақыт тілейміз!
Игі тілекпен А.Үкібаев орта мектебінің ұжымы.