“Білім бөлімінің жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектебі” мемлекеттік мекемесінде 15 мамыр- Халықаралық отбасы күніне орай жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыс қонақтары мен ата-аналарды мектеп директоры Р.Садвакасова отбасы күнімен құттықтап, қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-ана, туған-туыстарды құрметтеу, бағалау, отбасындағы оң қарым-қатынастарды дамыту мақсатында еліміздің барлық білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып отырылған іс-шара екендігін айтып өтті. Жиналысқа арнайы шақырылған қонақтар аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі Абдрахманова Жанар Керимбаевна мен аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Белгибаева Қымбат Сериковна қатысты. Мектеп басшысы ата-аналарды биылғы жылы “Болашақ жастардікі” тақырыбында өткелі отырған мектеп бітіру іс-шарасының тұжырымдамасымен таныстырып,мектеп бітіру іс-шарасына енетін 25 мамыр - Соңғы қоңырау, аттестатты салтанатты түрде табыс ету іс-шараларының тек қана мектеп шеңберінде,тек қана мектеп аумағында өтуі тиіс екендігін ескертіп өтті.Сонымен бірге жиналыста оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы сұрақ қаралып,жазғы уақытта балалардың суда шомылу, жолда жүру ережелерін сақтау керектігі ескертілді.