«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Акпана Укубаева города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»     

СоцСети

https://www.facebook.com/a.ukubaev  

https://www.instagram.com/akpanykubaev2/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектебінде 1 мамыр бірлік күніне орай тәлім сәт өткізілді.

30.04.2019

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету

Көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер

Тәлім сәттің барысы:

І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!

ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер:

І жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,

Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.

Толқынында тарихтың қуғын көрген,

Барша ұлтқа құт мекен болған еді.

ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

І жүргізуші: Кең байтақ елімізді елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев  басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған мектеп директоры Садвакасова Р.Е. Ендеше, Садвакасова Р.Е. көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.

ІІ жүргізуші: Көші-қонның зерделенген тарихтың,

                        Тарихшылар баяндайды ақиқаттың жай күйін, - дегендей сөзді 8 «Ә» сынып оқушыларына береміз.

1.Диас мукатов:

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

2.Диана

Тілі бөлек болған менен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

3.Мирас

Мамырдың бірі, достық күні

Ән салып, билеген халықтың үні.

Тұтасып, тойлаған ұлттар,

Керемет мереке, мамырдың бірі.

4.Камила Ибраева:

Бірінші мамыр достық күні,бірлік күні

 Ұлттардың қосылатын басты күні

Бір ұлт болып,бір жерде бірігеміз

Бір елде мәңгі өмір сүреміз.

5.Жандаулет:

Бірлік достық айырылмас әніміз

Бірге жүріп,бірге оны шырқаймыз

Өзбек,орыс,түрік бол

Дос болудан қашпаймыз.

6.Маржан: Ортақ менен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

ІІ жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сығат түспесе екен.

І жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

 Жүрегемде таныстым мың тіліммен.

 Жылағанда жүрегем күн тұтылып,

 Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

----------------би

Орыс халқы: Камила Исламова

 Мы дружной семьюй живём в Казакстане,

Татары, уйгуры и русские с нами.

 Так пусть же крепнет во веки веков

Дружба народов всех возрастов.

Түрік халқы:Айсауле.......

Қазақ халқы:Аяна

Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

ІІ жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблиясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

І жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

Елім менің биіктігі шарайнам,

Қыран құсы көгінде мың самғаған!

ІІ жүргізуші: Хор «Атамекен». /Орындалу барысында оқушылардың қолында шармен көгершін суретінің қиығы болады./

І жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

ІІ Жүргізуші: Ендеше,

Бақытжан: Бейбітшілік жасасын! /Суреттері қолында/

Махамбет: Ынтымақтастық жасасын!

Диас: Қазақстан жасасын!

Тамерлан: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!

Бірге: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ІІ жүргізуші: Осымен, бүгінгі мерекелік тәлім сәтімізді аяқтаймыз.

І-ІІ жүргізуші: Сау - саламатта болыңыздар!


Просмотров: 697


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст