«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Акпана Укубаева города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»     

СоцСети

https://www.facebook.com/a.ukubaev  

https://www.instagram.com/akpanykubaev2/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

А.Үкібаев атындағы орта мектебінде «Ұлы дала ұланы» мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

23.04.2019

Тақырыбы: «Ұлы дала ұланы»  мәнерлеп оқу сайысы

Мақсаты: Оқушыларға  жергілікті жердің кемеңгері А.Үкібаевтың өмірімен  таныстыру  арқылы патриоттық тәрбие беру,оқушыларды шығармашылыққа баулу мақсатында көркем сөз оқу шеберлігін арттыру.

Ән:Отаным Қазақстан

1 Жүргізуші:

Қалың елмен қабат соққан жүрегің,

Басқалардан бөлек едің, ірі едің.

Мерейлі елдің бетке ұстаған айбыны,

Ерейменнің ерен туған ұлы едің.

Басқалардан бөлек шығып нар әнің

Болашаққа үмітпенен қарадың.

Ердің бәрін жолдасым деп ұғар,

Елдің бәрін бауырым деп санадың.

2 Жүргізуші:

 «Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің, барыңды, нәріңді, тірлікте  бергейсің.

 Ғибрат етер артыңа – іс қалдырсаң, Осыны , ұқ! Сонда сен өлмейсің!» деп, Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай , Ғұмыры қысқа болса да нардың жүгін көтерген, кіршіксіз тазалық пен адмагершіліктің үлгісін ұстанып, бар ғұмырын қаз-қаз басып келе жатқан Қазақстанына арнаған адал азамат өлмейтұғын артына із қалдырған Ақпан Үкібайұлының туғанына  биыл  10 0  жыл.

1 жүргізуші: Осы мерейтойға арналған , бастауыш сыныптар арасында «Ұлы дала ұланы» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!

 2 Жүргізуші: Әділ баға берер,әділқазылар алқасымен таныс болайық.

1.Мектеп басшысы Садвакасова  Роза Есламбековна

2.Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі  Оспанова Эльмира Жанадиловна

3.Мектеп кітапханашысы  Өтекеева Төлеу Қайроллақызы

 

1 жүргізуші:

Байқау ережесі:

  • «Тың», «Отан», «Туған жер» тақырыптарында және Ақпан Үкібайұлы туралы өлеңдер оқу.
  • 1-2 сынып оқушылары үшін  2-4 шумақ өлең
  • 3-4 сынып оқушылары үшін  4-8 шумақ өлең
  • Бір оқылымның регламенті 5-7 минуттан аспауы тиіс
  • Оқылған шығарма қайталанып айтылуға болады
  • Әр қатысушы шығарманы ешкімнің көмегінсіз өзі оқуы керек
  • Байқауға әр сыныптан екі оқушы қатысады
  • Қатысушылардың өнері 10-балдық жүйемен бағаланады.

 

 

 

2 Жүргізуші:

Құламауын ойлап Отан-іргенің,

Еңбекпенен өтті солай күндерің.

Алашыңның батасы ма, бір кезде,

Атқа мініп ел басында жүргенің

Тіршіліктің тереңінен мән ұққан,

Алғыс алған азамат ең халықтан.

1 Жүргізуші:

Ортаға  сайысымыздың ең кішкентай қатысушысы 1 «А»  сынып оқушысы

шақырамыз.

1.Марат Айару Бүркіт Ысқақов « Сенің Отаның»

2.Әбдісәлім Нұрдәулет Қ.Аманжолов «Туған жер»

2 Жүргізуші:

      Үкібаев Ақпан Үкібайұлы 1919 жылы 4маусымда Ереймен ішіндегі Мұқан Қажы ауылы аталған жерде дүниеге келген. Ауылдың қара танитын кісілерінен  аздап сауат алған. Ақпан 1934 жылы Исаев  атындағы ұжымдасқан  қой совхозы қойшыларының  балалары үшін ашылған  Әлдебек  қызылағашы бастауыш  мектебінде  3-4 сыныпты оқыған.

1.«Отан» М.Мақатаев оқитын  1 «Ә» сынып оқушысы   Баймулдинова Зере

2.Ерұлан Әбумұхаммад

1-Жүргізуші:

Бұдан соң ол оқуын осы ауданның Благодатный елді-мекеніндегі мектеп – интернатта жалғастырды.1937 жылы білім қуып Алматы қаласына  аттанады, жолы болып, қаржы  техникумына оқуға түседі.

Ортаға  2 «А» сынып оқушысы

1.Қайратқызы  Жанерке  Ф.Оңғарсынова   «Туған жер»

2.Садыкова Диляра  Бүркіт Ысқақов  « Сенің Отаның»

1Жүргізуші:

1939 жылы Отан алдындағы  борышын өтеу үшін  әскер қатарына  алынады.  Арада көп уақыт өтпей-ақ Ұлы Отан  соғысы басталады.

1940-1944 жылдар аралығында оңтүстік-батыс майданда соғысқа қатысып  шыңдалады. 1945 жылдың  мамырына дейін 3-ші Украин фронтында аэродром полкінің батареи  командирі болады.

Ортаға  2 «Ә» сынып оқушысы

1.Аубакирова  Жания Өтебай Тұрманжанов «Отан»

2.Жауыншина Назерке Бәкір Тәжібаев «Туған елім»

 

 

 

 

 

2 Жүргізуші:

1946 жылдың аяғында  капитан дәрежесімен,  бірнеше орден-медальдармен  аман-есен елге оралады. 1947 жылдан бастап туған елі Ақмолада облыстық атқару комитетінің нұсқаушысы, бөлім бастығы қызметтерін атқарды. Зейінді жан жоғары партия мектебі мен мұғалімдер институтын бір мезгілде аяқтап бітіреді.

Ортаға  2  «Б» сынып  оқушысы

1.Ерік Еркеназ  Қасым Аманжолов «Туған жер»

2.Омашев Мирас Мұқағали Мақатаев «Отан»

1 Жүргізуші:

1955-1961 жылдары Баранкөл райком партиясының бірінші хатшысы.

Тың өлкесіне жаңа жоспармен қоса жаңа техникалар мен әр түрлі ұлт өкілдері ағылып келе бастады, жұмыс өте қауырт әрі көп еді. Аудан орталығының темір жолдан шалғайда жатқандығы үлкен қиындық тудырды, жол тарту өте қымбатқа түсетін болды.

2Жүргізуші

 Ұйымдастыра білу қабілеті, іскер мінезі тыңда құрылған Есіл, Қима, Державин аудандарында жарқ етіп көрініс берді. Үш жылдың ішінде бұрын картада болмаған Державин қаласының іргетасын қалады.

Келесі кезекте 3 «А» сынып оқушысы

1.Халибек Жаннұр «                             »

2.Болат Ажар  «Туған жер»

2 Жүргізуші:

Осылайша тың игеруге келген өзге ұлт өкілдерімен, барша халықпен тіл табыса білген, халықтың сеніміне ие болған. Ақпан Үкібаев өз ісінің хас шебері, билікті ұйымдастырушылығын дәлелдей отырып, аңызға желдің еншісінде болған ашық далаға әсем қала орнатудың ұйтқысы бола білді

Келесі кезекте 3 «Ә» сынып оқушысы

1.Тыным Еркенұр  «Жалындап жанған нұрлы өмір»  Қалимаш Қапышев

2.Мақсұтбек Сәуле «Отаным-еркіндігім»  Қорғанбек  Аманжолов

1 жүргізуші:

1961-1963 жылдары Петропавл қаласының 2-ші хатшысы.

1963 жылы Облыстық атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Келесі кезекте 4 «А» сынып оқушысы

1.Мұрат Карина «Отан »  Несіпбек Айтұлы

2.Есенбаев Арнұр «Туған жер» М.Жұмабаев

2 жүргізуші:

1961-1964 Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Өйткені бұл кезде тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты жүзеге асырылып жатқан болатын. Есіл ауданында осындай аса маңызды мәселенің тез салтанат құруы жолында Ақпан Үкібаев бар күш-жігерін аяған жоқ.

Ортада 4 «Ә» сынып оқушысы

1.Қайсар Ақмаржан «Туған ауыл» Қалқаман Сарин

2.Ықылас Аружан «Жақсының аты өлмейді» А.Үкібаевқа арнау

1 жүргізуші:

Ауданда 50-ден асажаңа шаруашылық ұйымдастырып, бір жарым миллион гектардай жерге тың игеруге басшылық етті. 1957 жылы мемлекетке 24 млн пұт астық тапсырылса,  1959 жылы 20 млн гектар астық игерілді.  Сонымен қатар ауданымызда жүгері де өсірілді

Келесі кезекте 4 «Б» сынып оқушылары

1.Сабит Аянат.  «Отан» Айлина  Абдираймова

2.Болат Махаббат «Туған жер» Байжанова Альбина

2 жүргізуші:

А.Үкібаев жары  Балкен Ормашқызы Сәулебекова. Балалары – Рахмет,Сәуле, Махмет,Марат және Роза. Ұлдары – Рахмет,Марат, Махмет құрылысшы болған. Қызы Сәуле банкте жұмыс жасаса, Роза тіс дәрігері. Жұбайы Балкен Ормашқызы мамандығы бойынша қаржыгер.

1 жүргізуші:

Осы Державинск қаласында Ақпан атамыздың атында көше және  2005 жылы ашылған Ақпан Үкібаев атында мемлекеттік тілде білім беретін  мектеп бар. Мектепте Ақпан атамыздың тарихи-өлкетану мұражайы бар.

Авторы Нүрпейсова Гүлшат  Қабиболлақызы

Мектеп әнұраны:

Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз

2 Жүргізуші:

Сұм ажал  оны бар болғаны 44 жасында алып кетті. Ғұмыры қысқа болса да елге жасаған елеулі еңбегін ешқашан естен  шығармай, әркез жадымызда тұтып, атын жаңғырта береміз.Бізбен бірге мәңгілік

   1 жүргізуші:

     Осымен А.Үкібайұлының 100 жылдығына арналған 

«Ұлы дала ұланы» мәнерлеп оқу   сайысы өз мәресіне жетті.  Қош сау болыңыздар  


Просмотров: 1156


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст