«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Акпана Укубаева города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»     

СоцСети

https://www.facebook.com/a.ukubaev  

https://www.instagram.com/akpanykubaev2/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектебі Сынып сағаты Еңбегі елге мұра Ақпан ата Өткізгендер: Тулекбаева М.Б. Аубакирова А.А. Айткулова Ж.Ш.

12.04.2019

Тақырыбы: Еңбегі елге мұра Ақпан  ата

Мақсаты: Оқушыларға  жергілікті жердің кемеңгері А.Үкібаевтың өмірімен  таныстыру  арқылы патриоттық тәрбие беру.

Түрі: « Сынып сағаты»

Көрнекілгі: А.Үкібаев суреті,слайд

Барысы:

Ұйымдастыру: Оқушылар көңілін сабаққа аудару

«Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің, барыңды, нәріңді, тірлікте  бергейсің.

 Ғибрат етер артыңа – іс қалдырсаң, Осыны , ұқ! Сонда сен өлмейсің!»

                                                            Шәкәрім Құдайбердіұлы

Тыңға жолын бастаған соң Қимадан,

Елге болды кереметтей сыйлы адам.

Өмір жалғас табиғи ол заңдылық

Елдік-ерлік, ел аузында мәңгілік.

Азаматты Ақпан сынды еске алса,

Елге тағзым болады ғой сәнділік.

     Ғұмыры қысқа болса да нардың жүгін көтерген, кіршіксіз тазалық пен адмагершіліктің үлгісін ұстанып, бар ғұмырын қаз-қаз басып келе жатқан Қазақстанына арнаған адал азамат Ақпан Үкібаев атамыз биыл 100 жасқа толып отыр.Соған орай бүгінгі сынып сабағымыз  Ақпан атамыздың  өмірі жайлы болмақ.

-Ақпан ата жайында не білеміз?

      Үкібаев Ақпан Үкібайұлы 1919 жылы 4маусымда Ереймен ішіндегі Мұқан Қажы ауылы аталған жерде дүниеге келген. Ауылдың қара танитын кісілерінен  аздап сауат алған. Ақпан 1934 жылы Исаев  атындағы ұжымдасқан  қой совхозы қойшыларының  балалары үшін ашылған  Әлдебек  қызылағашы бастауыш  мектебінде  3-4 сыныпты оқыған.

1937 жылы білім қуып Алматы қаласына  аттанады, жолы болып, қаржы  техникумына оқуға түседі.

1939 жылы Отан алдындағы  борышын өтеу үшін  әскер қатарына  алынады.  Арада көп уақыт өтпей-ақ Ұлы Отан  соғысы басталады.

1940-1944 жылдар аралығында оңтүстік-батыс майданда соғысқа қатысып  шыңдалады. 1945 жылдың  мамырына дейін 3-ші Украин фронтында аэродром полкінің батареи  командирі болады.

1946 жылдың аяғында  капитан дәрежесімен,  бірнеше орден-медальдармен  аман-есен елге оралады.

1947 жылдың басында  Ақмолаға келіп облыстық  атқару комитетінде нұсқаушы, бөлім бастығы  болып  қызмет атқарды.

1948 жылы жоғары партия  мектебіне  түсіп, партия  мектебімен қоса, екі жыл ішінде педагогикалық институтты  сырттай  оқып диплом алып, Шортанды аудандық  атқару  комитеті  төрағасының орынбасары қызметіне  тағайындалды.

1955-1961 жылдары Баранкөл райком партиясының бірінші хатшысы.

1961-1963 жылдары Петропавл қаласының 2-ші хатшысы.

1963 жылы Облыстық атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

А.Үкібаев жары  Балкен Ормашқызы Сәулебекова. Балалары – Рахмет,Сәуле, Махмет,Марат және Роза. Ұлдары – Рахмет,Марат, Махмет құрылысшы болған. Қызы Сәуле банкте жұмыс жасаса, Роза тіс дәрігері. Жұбайы Балкен Ормашқызы мамандығы бойынша қаржыгер.

А.Үкібаев туралы слайдты назарларыңызға ұсынамыз

       Келесі сөз кезегін оқушыларға берейік. Ақпан атамыз жайлы жазылған шығармалардан үзінділер оқып берсін.

Оқушы:

  Қалың елмен қабат соққан жүрегің,

Басқалардан бөлек едің, ірі едің.

Мерейлі елдің бетке ұстаған айбыны,

Ерейменнің ерен туған ұлы едің.

Оқушы:  

Басқалардан бөлек шығып нар әнің

Болашаққа үмітпенен қарадың.

Ердің бәрін жолдасым деп ұғар,

Елдің бәрін бауырым деп санадың.

Оқушы:

Құламауын ойлап Отан-іргенің,

Еңбекпенен өтті солай күндерің.

Алашыңның батасы ма, бір кезде,

Атқа мініп ел басында жүргенің

Тіршіліктің тереңінен мән ұққан,

Алғыс алған азамат ең халықтан.

Оқушы:

Мені тыңдап отырсаңыз,  Ер аға!

Ай маңдайлы , жарқын жүзді нар тұлға

Осы күнде біздің қала жайнады

Гүлденеді, бар тіршілік қайнады.

Мен де сіздей елге үлес қосамын,

Атың мәңгі, мәңгі ұмыт қалмайды!

Осы Державинск қаласында Ақпан атамыздың атында көше және  2005 жылы ашылған Ақпан Үкібаев атында мемлекеттік тілде білім беретін  мектеп бар. Осы мектепте қазіргі күнде 400оқушы білім алып, 44ұстаз қызмет етуде.Мектеп қарамағында «Мерей» шағын орталығы жұмыс істейді.

Сұм ажал  оны бар болғаны 44 жасында алып кетті. Аз жасап, көп        тыңдырған халқымыздың ардақтысы Ақпан Үкібаев атамыз  өмірден өткелі  50 жылдан астам уақыт өтіпті. Бірақ атамыздың өнегелі ісі көпшіліктің  көңіліне ұмытылмастай із қалдырды. Ғұмыры қысқа болса да елге жасаған елеулі еңбегін ешқашан естен  шығармай, әркез жадымызда тұтып, атын жаңғырта береміз. Ол кісінің   атындағы мектептің оқушылары   болып отырған – біздер үшін             басты міндет. Атамыздың рухына тағзым ете отырып, сынып сағатымызды мұражайда жалғастырайық

           

 

Просмотров: 617


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст