«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Акпана Укубаева города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»     

СоцСети

https://www.facebook.com/a.ukubaev  

https://www.instagram.com/akpanykubaev2/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық олимпиаданың аудандық (қалалық) кезеңі

14.02.2022

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 35 «2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығын орындау және Ақмола облысы білім басқармасы басшысының 2022 жылғы 4 ақпандағы № 25 «2022 жылғы 14-19 ақпан аралығында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық (қалалық) кезеңін өткізу туралы» бұйрығы негізінде Ақмола облысының 27 тірек мектебінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізіледі.
Республикалық олимпиаданың аудандық (қалалық) кезеңі күн сайын сағат 10:00 - ден 18:00-ге дейін «Oqylyq» электрондық платформасында «1 компьютер -1 оқушы-1 камера» прокторингін қолдана отырып және Youtube-арна арқылы тікелей трансляцияланатын жалпы аудитория камерасымен өткізіледі.
Олимпиаданы өткізудің ашықтығы мен академиялық адалдығын бақылау үшін тәуелсіз «үшінші тұлғалар» («Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері және ата-аналар комитетінің өкілдері) қатыстырылды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші кезеңіне облыстың аудандары мен қалаларынан дарынды 5234 оқушы, сондай-ақ облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттар, оның ішінде қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша-2766 оқушы, жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша 2468 оқушы қатысады.
Олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 16 жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізіледі.
Қатысушыларға жеңіс тілейміз!

Просмотров: 253


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст