«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Акпана Укубаева города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»     

СоцСети

https://www.facebook.com/a.ukubaev  

https://www.instagram.com/akpanykubaev2/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектептің жүрегі – мұғалім

27.01.2022

         Мектептің жүрегі – мұғалім,  мектеп – кеме, білім – теңіз... Иә, білімнің терең теңізінде мектеп-кемесіне мініп, ұрпақтың кемел болашағы үшін бар ғұмырын арнайтын ұстаздар бар. Білім нәрімен сусындап, оның құпия-сырын аша білу – күрделі де қиын іс. Бұл қиын істен бала жанының бағбаны бола білген ұстаздар қорықпайды. Ал мұндай ұстаздардың сабақтары бір-біріне және ешкімге  ұқсамайды, өзіндік қолтаңбасы бар сабақтары шәкірттерін заман талабына сай тәрбиелеп, алған білімін өмірде орнымен жұмсай алуға машықтандырады. Сондай ұстаздардың бірі - Бопаева Әсем Бүркітбайқызы.  Ы. Алтынсарин  атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты филологиялық факультетінің қазақ және басқа ұлт мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген жас маман Ақмола облысы Жарқайың ауданында, яғни өзінің туған жерінде алғашқы еңбек жолын бастаған еді.  Содан бері 27 жыл өтті, ешқашан ұстаздық жолдан қол үзген жоқ. Қазіргі таңда Ақпан Үкібаев атындағы орта мектепте алдыңғы қатарлы, озат тәжірибелі ұстаз. Заман ағымында білім саласында болып жатқан жаңалықтар, өзгерістерге де замандас ұстаздармен бірге қадам басқан Әсем Бүркітбайқызы «ХХІ ғасырда нені оқыту керек және оқушыларды жаңа ғасырға қалай дайындайды?» деген мәселе бойынша жаңартылған білім мазмұнына сәйкес ұйымдастырылған курстың І деңгейін өтіп келді. Ұстаздар алдына жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты да табысты тұлға қалыптастыруда білім беру мәселесі мен оны оқытудың заман талабына сай үйлестірудің  міндеті қойылды. Соған орай Әсем Бүркітбайқызы да оқыту мен тәрбиелеу барысында  табысты және әрекетке дайын қабілетті, өзінің әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлға қалыптастыруды міндет етіп қоя білді және еңбегінің нәтижесін де көріп жүр.

        Озық тәжірибелі ұстаз мектеп мұғалімдері үшін және серіктес мектептердегі әріптестері  үшін коучинг, семинарлар өткізіп отырады. Атап айтар болсақ,  әдістемелік кеңесте «Білім сапасын арттыруда қолданатын тиімді әдістер» тақырыбында коучинг,  жетекші мектеп пен серіктес мектептер үшін  «Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта диалогтік оқытуды пайдалану» тақырыбында семинар, аудандық тамыз конференциясында  «Применение инновационных технологий – один из методов повышения активности учащихся при дистанционном обучении» тақырыбында шебер-сынып, серіктес мектептер арасында «Мұғалімдердің кәсіби тұрғыдан дамытуға ынталандырудың жолы - көшбасшылық қабілетті дамыту» тақырыбында өткен коучинг сабақтарына қатысқан әріптестері  Әсем Бүркітбайқызының шеберлігіне жоғары баға беріп, тәжірибе алмасуда үйренгендері көп екенін айтып өтті. Сондай-ақ Әсем Бүркітбайқызы 2021 жылы  "Профессиональный и личностный рост: новые вызовы и перспективы"  в рамках международного научно-образовательного проекта "ZHANA IZDENISTER" Тема:  "Инклюзивная практика на уроках русского языка и литературы"  тақырыбында өткен  республикалық ғылыми  дискуссияның қатысушысы және Спикері болды.  

      Ұстаз сонымен қатар, республикалық сайттар мен басылымдарға да өз тәжірибесінен бөлісіп жұмыстарын жариялап жүреді. Нәтижесінде «USTAZ tilegi» Республикалық ұстаздар сайтының Құрмет грамотасы, бірнеше рет Алғыс хатына,  Bilimportal.kz. порталында оқу-әдістемелік материал жариялағаны үшін Алғыс хатына  ие болды. Сонымен қатар,   ҚР Тұңғыш Президент қоры сыйлығының иегері,   Qaztest.kz сайты ұйымдастырған  орыс тілі пәнінен мұғалімдердің Республикалық қашықтық олимпиадасында II дәрежелі Дипломға және  КИО Республикалық қашықтық олимпиадасында II орынға ие болды. 

                Халқымызда «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген қанатты сөз бар. Тәжірибелі ұстаз дарынды оқушылармен жұмыс жасауда да ерекше көзге түседі. Дарынды оқушыларының жыл сайын аудандық, облыстық және республикалық, қашықтық, халықаралық пән олимпиадаларында, түрлі білім байқауларында жүлделі орындар иеленіп жүретіндігі де ұстаздың үздіксіз еңбегінің нәтижесі емес пе?! Мектеп өмірінде де, қоғамдық шараларда да белсенді, тәжірибелі ұстаз сынып жетекшілік міндетін де мүлтіксіз атқара біледі. Сынып оқушылары жетекшілерін ерекше ықыласпен жақсы көреді, ата-аналармен де тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын ұстаз мектептің жас мамандарына да ақыл-кеңесін аямай, үйретуден жалықпайды. Еңбегіңіз нәтижелі, қандай істі атқарсаңыз да, үлкен жауапкершілікпен атқарасыз, құпияңызбен бөлісіңіз деген әріптестеріне  «әр бала – ертеңгі ел тірегі болар азамат, сондықтан олардың болашағына немқұрайлы қарай алмаймын» дейді ұстаз. Олай болса,  әріптесімізге біз де атқарып жатқан адал еңбегіне толағай табыстар тілейміз, шәкірттеріңіз білім биігінен көрініп, алар асуларын еш қиындықсыз меңгерсін демекпіз. Ұлтжанды ұстаздар мен  ел қамын ойлар патриот ұл-қыздарымыздың бақ жұлдыздары жана берсін.

Просмотров: 226


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст