«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша  білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Акпана Укубаева города Державинск отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»     

СоцСети

https://www.facebook.com/a.ukubaev  

https://www.instagram.com/akpanykubaev2/

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Маңызды ақпарат!

16.01.2022

Құрметті Жарқайың ауданы мектеп оқушыларының ата-аналары!
2022 жылғы 17 қаңтарда 2021-2022 оқу жылының III тоқсаны басталады.
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2022 жылғы 12 қаңтардағы хаттамасына сәйкес мектептерде 600 - ге жуық оқушы штаттық форматта, 600-ден астам оқушысы бар мектептерде қашықтықтан оқыту форматында оқытылады.
Жарқайың ауданы бойынша 18 ауыл мектебі және 2 қала мектебі штаттық режимде жұмыс істейтін болады.
Н. Крупская ОМ 6-11 сынып аралығында қашықтықтан білім алады.
Әкімшілік Н.Крупская ОМ 6-11 сынып оқушыларын кашықтықтан оқытуға арналған компьютерлік техникамен қамтамасыз етеді.
Спорттық секциялар, үйірмелер де штаттық режимде өткізіледі. Мектеп бітірушілер үшін емтиханға, ҰБТ - ға дайындық бойынша қосымша сабақтар барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, мектепте өткізіледі.
Құрметті ата-аналар, үшінші тоқсанды біз ұйымдасқан түрде бастауымыз керек. Оқушыларды сапалы оқыту біздің бірлескен жұмысымызға байланысты.
Оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша білім бөлімінің Call-орталығының 9-27-10 телефонына немесе білім бөлімі басшысының м.а. +77052314396 телефонына хабарласуға болады
Білім бөлімі басшысының м.а. Б. Берлібекова

 

Просмотров: 200


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст